Enrolment options

Мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері мен əдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кəсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бəсекеге қабілетті, ғылыми жəне интеллектуалдық əлеуеті жоғары филолог мұғалім даярлау.

Пәннің негізгі міндеттері: 

·                    студенттерге қазақ тілін оқыту əдістемесінің əдіснамалық-теориялық негіздерін

меңгерту;

♦ қазақ тілін оқыту əдістемесінің негізін қалаған ғалым-əдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;

♦ студенттерді педагогика жəне əдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;

♦ студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілі пəнінің мақсат-міндеттерімен жəне білім мазмұнымен таныстыру;

♦ мектепте қазақ тілін оқытудың əдістемелік жүйесімен таныстыру;

♦ оқу бағдарламалары жəне оқу-əдістемелік кешендермен таныстыру;

♦ қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың əдістемелік жолдарын меңгерту;

♦ пəн бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-əдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;

♦ өз бетінше əлемдік педагогика ғылымындағы жаңа əдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;

♦ білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдалануға үйрету;

♦ болашақ мамандарды қазақ тілін оқытудың инновациялық, интербелсенді əдістерін қолдануға үйрету (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нəтижелерін сараптау жəне оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);

♦ өзінің кəсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға баулу.


Guests cannot access this course. Please log in.