Варианты зачисления на курс

Курстың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны технологияларын меңгерте отырып, оқу бағдарламасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, оқу мақсатына қол жеткізуде, оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда, бағалаудың мақсатын,  оның жеке түрлерін білу, мазмұн-мағынасын, мәнін түсіндіру, ұғындыру. 

Пәннің негізгі міндеті:  

- Бағалаудың  міндеті — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық 

- стандартқа сәйкестендіру.

- Білім алушыларға бағалаудың түрлері және ұстанымдары жайында мағлұмат беру;

- Бағалау кезеңдері және инструменттерін талдата меңгерту;

- Критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау және суммалық (ішкі және сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру;

- Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының (қысқа, орта, ұзақ) түрлері жайында ұғымдар қалыптастыру;

Пәнді оқыту үдерісі кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

- Оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын;

- Ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан, оның ішінде ауқымды компьютерлік желіні жетік меңгерген;

- Психикалық және психофизикалық дамудың жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алады;

- Әртүрлі жастағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық әдістерін пайдалануға дайын;

- Білім берудің әртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдануға дайын;

- Балалардың әралуан әрекет түрлерін ұйымдастыруға дайын;

- Білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгерген.

Пәнді оқыту үрдісі пәндік құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

- Қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;

- Психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша жүйелі білімдерді, оқыту әдістемесін, классикалық және қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар туралы білімді игерген;

- Білім алушылардың жетістіктерін қазіргі әдістермен диагностикалауды пайдалануға қабілетті;

- Байқаулар мен тәжірибелер нәтижелерін теориялық тұрғыдан талдау әдістерін компьютерлік үлгілеуді қолдануды игереді.


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.