Варианты зачисления на курс
Курстың мақсаты – қазақ мәдениетінің құрамдас озық үлгілерін құрайтын қазақ әдебиетінің негізгі бір бөлшегі саналатын балалар әдебиетіндегі әдеби шығармалармен таныстыру, оларды талдай, саралай білуге үйрету;
- балалар әдебиетінің бастау арналарына ден қою;
- балалар әдебиетінің халық ауыз әдебиетімен бірлікте екендігіне көз жеткізу;әрбір тарихи кезеңдердегі балалар әдебиетінің даму сатыларын бажайлау, осы тұстағы әлеуметтік - қоғамдық ахуалға байланыстылықтың ара жігін аңғару;
- қазақ балалар әдебиетін қалыптастырушыларға, руханият мәселесіне назар аудару;
- балалар әдебиеті шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін таныту;
- осы пәнді оқу кезінде алған білімі негізінде балалар әдебиеті шығармаларын басқа халықтар балалар әдебиетімен салыстыра, бағалай білуге дағдыландыру;
- әдебиеттің эстетикалық категориялары туралы студент білімін кеңейте отырып, оны дүниежүзілік әдебиет байлығына бағыттау;
- шетел балалар әдебиетінің қазақ тіліне аударылу және керісінше, қазақ балалар әдебиетінің басқа халықтар тіліне аударылу дәрежесін, жариялануын, зерттелуін және осы жолдағы жетістігі мен кемшілігін талдай, зерттей білу.
- Учитель: Гульден Кажибаева
- Учитель: Назгуль Конкаева