Варианты зачисления на курс

Отбасы және менің туыстарым

         Менің отбасым – үлкен отбасы, туыстарым да көп. Оған мен қуанамын. Менің атам мен әжем өте еңбекқор адамдар. Олар Қарқаралы ауданы Томар ауылында тұрады. Зейнеткер болса да, жеке шаруашылықпен айналысады. Ол кісілерден көп үйренуге болады.

           Ата-анам Астана қаласында тұрады. Екеуінің де мамандығы экономист, фирмада жұмыс істейді. Әкем Әсет – фирманың бас маманы. Шешем Сәмиға – бөлім меңгерушісі. Үлкен ағам Айдын Қарағанды қаласындағы «Орталық Қазақстан» газетінің тілшісі, өзінің отбасы бар. Екінші ағам Атырауда тұрады, үйленген. Қарындасым Айдана медицина колледжінің студенті. Мен Қарағанды мемлекеттік университетінің химия  факультетінде химик мамандығында оқимын.

             Немере-шөберелері барғанда, атам мен әжемнің қуанышында шек болмайды. Немере-шөберелері жазғы демалыста ата-әжелерімен бірге демалады. Атырау қаласында немере апайымыз тұрады. Ол кісі Астанаға, Қарағандыға келіп тұрады. Біз де Атырауға, ағама жиі барамыз. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп дұрыс айтылған, біз бір-бірімізге көмектесеміз, көрмесек, сағынамыз. Біздің туысқандар өте тату.

Мәтінді оқып, аударыңыз

ОҚЫЛЫМ

2-тапсырма.  Мәтінді оқып, аударыңыз

Тәуке Ахметұлының отбасы Тәуке Ахметұлының отбасында бес адам тұрады. Олар: өзі, жұбайы, ұлы, қызы және анасы. Тәуке Ахметұлының жұбайының есімі – Нағима. Ол кісі дәрігер болып жұмыс істейді. Жасы елу үште. Ұлының есімі – Нұрлан. Ол – студент, болашақ экономист. Нұрлан спортпен айналысады, әсіресе суда жүзгенді ұнатады. Қызының аты – Әлия. Әлия мектеп оқушысы, ол тоғызыншы сыныпта оқиды. Әлия кітап оқығанды ұнатады. Тәуке Ахметұлының анасының есімі – Зере. Зере әженің жасы сексен екіде. Ол кісі зейнеткер. Зере әже бұрын мұғалім болған. Тәуке Ахметұлының жасы елу алтыда. Ол кісі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Ол кісі бос уақытында тауға барғанды ұнатады. Тәуке Ахметұлының отбасы демалыс күндерін саяжайда, табиғатта өткізеді. Тәуке Ахметұлының отбасы тату тұрады.

 

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Тәуке Ахметұлының отбасында неше адам тұрады?

___________________________________________________

2. Нағима не істейді?

______________________________________________________

3. Нұрлан нені ұнатады?

______________________________________________________

4. Зере әже бұрын кім болған?

_______________________________________________________

5. Әлия студент пе?

 ______________________________________________________

6. Тәуке Ахмет ұлы кім?

 ______________________________________________________

7. Отбасы демалыс күндерін қалай өткізеді?

                                                

ЖАЗЫЛЫМ

Тапсырмалар:

1.Мәтінге қарап отырып өзіңіздің отбасыңыз және  туыстарыңыз туралы жазыңыз.

 

2.Төменде айтылған ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

 

Бала тәрбиесі – басты байлығың, кешіксең – көретінің қайғы-мұң. (Абай)

 

ХХІ ғасырда әрбір отбасы тату, білімді әрі өнерлі болуы тиіс. (Н. Назарбаев)

 

2.Бос орындарға тиісті сөздерді тауып қойыңыз:

Менің отбасым ----- . Олар ----- тұрады. Әкем Әсет – фирманың бас ----- . Шешем Сәмиға – бөлім ----- . Екінші ағам Атырауда тұрады, ----- .... - әпкемнің үлкен ұлы. ..., ... - әпкемнің қыздары. ... – ағамның кіші қызы. ... – ағамның ұлы. ... – інімнің қызы. ... – інімнің ұлы.

3. Мына сөздердің қандай баламасы бар? Жазыңыз.

     Ана –                     Ата-ана –                   Тұрмысқа шығу –

     Әпке –                   Туысқан –                  Жұмыс істеу –

     Бөбек –                  Үй иесі –                    Туылды –   

 

 Грамматика: Шақ формалары

Қазақ тілінде етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.

Осы шақ

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.

Осы шақтың 2 түрі бар:

1) Ауыспалы осы шақ.

2) Нақ осы шақ.

Ауыспалы осы шақ “-а”, “-е”, “-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады (“Мен жүземін, оқимын”. “Сен жүзесің, оқисың”. “Сіз жүзесіз, оқисыз”. “Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: “жаңбыр жауады”, “құс ұшады”, “ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады.

Нақ осы шақ қалып етістіктің (“жүр”, “жатыр”, “отыр”, “тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады (“Мен отырмын, жазып отырмын”. “Сен отырсың, жазып отырсың”. “Сіз отырсыз, жазып отырсыз”. “Ол отыр, жазып отыр”). Мұнда нақ осы шақтық мәнді қалып етістіктердің семантикасы береді, сондықтан өзге түбір етістіктерден өзгеше тікелей жіктеледі,  жақ жекеше көпше I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз) II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңдар (жүрсіңдер, тұрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар) III Ол отыр (жүр, түр, жатыр) Олар отыр (жүр, түр, жатыр)

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады. жекеше көпше Мен оқып жатырмын. Біз оқып жатырмыз. Сен оқып жатырсың. Сіз оқып жатырсыз. Сендер оқып жатырсыңдар. Сіздер оқып жатырсыздар. Ол оқып жатыр. Олар оқып жатыр.


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.