Варианты зачисления на курс

          ЖОО студенттеріне қазақ тілін оқып үйрету барысында олардың коммуникативтік білік, дағдыларын жетілдіру көзделген. Бұл ретте коммуникативтік біліктіліктің лингвистикалық, әлеуметтік тілдік, дискурстық, стратегииялық және мәдени – әлеуметтік субъективті біліктілік компоненттері дамытылған. Тілдегі қолданыс деңгейіне қарай грамматикалық формалар мен құрылымдарды меңгерту. Сөйлеудің түрін: әңгімелесу, суреттеу, хабарлауды құрастыру.       Грамматикалық формалар мен құрылымдарды сөйлеу процесінде дұрыс қолдану. Белгілі бір мәтінді қайта өңдеу. Тілдік қызметтің әр түрінде (сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу)  мәтіндерді, әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті тақырыптардағы сұхбаттар мен монологтарды ауызша және жазбаша түрде өңдеу.

Курстың бастапқы сатысында студент қарапайым сөйлеу дағдыларының 4 түрін білуге міндетті: сөйлеу, тыңдап түсіну, оқу және жазу, жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Пәннің постреквизиттері: –  Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

      1) лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және сөйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға;

      2) мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;

      3) мәтіндегі ақпаратты түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндерінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін түсінуге;

      4) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға;

      5) тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға;

      6) пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға;

      7) өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби бағдарлы) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға қабілетті бола алады.


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.