Варианты зачисления на курс

Академиялық хат пәні тезис, ғылыми мақала, дипломдық жұмыс жазудың әдістемелік мәселелерін қарастырады. Бұл пән студенттердің ғылыми және академиялық мәтіндерді сауатты, жүйелі және стильдік нормаларға сай жазу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында студенттер: академиялық жазылымның ерекшеліктерімен, құрылымдық және стильдік талаптарымен танысады; ғылыми мәтін түрлерін (мақала, эссе, реферат, аңдатпа, баяндама) жазу тәсілдерін меңгереді; дереккөздермен дұрыс жұмыс істеуді, сілтеме жасауды және плагиаттан сақтану жолдарын үйренеді; ойды дәл, логикалық жүйелі және аргументтелген түрде жеткізу дағдысын дамытады. Академиялық хат студенттердің академиялық мәдениетін, ғылыми жазба сауаттылығын арттырып, кәсіби ортада жазбаша коммуникацияны тиімді жүргізу қабілетін жетілдіреді.


Гости не имеют доступа к этому курсу. Войдите в систему.