Курстың мақсаты – студенттердің оқылым және жызылым арқылы сыни ойлауын дамыту, соның ішінде академиялық эссе, ғылыми мәтіндер мен ауызша таныстырылымдар құрастыру дағдыларын дамыту.
Курстың міндеттері:
· академиялық жазылым және оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіннің құрылымы мен тілін оқу, эссе, аңдатпа, абстракт, ғылыми мақала жазу, ғылыми-кәсіби мәтіндер оқу, ғылыми талдау нәтижесін ұсыну және т.б.);
· студенттердің сөздік қорын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен, жиі қолданылатын академиялық лексикамен толықтыру, яғни қазіргі заманғы қазақ тілінің академиялық (ғылыми) стилін меңгерту;
· ғылыми-кәсіби пікірталасқа түсу және кәсіби-бағдарланған мәтінді ауызша таныстыру машықтарын дамыту;
· өз бетінше дербес жұмыс істей алу дағдыларын дамыту.
- Teacher: Гүлназ Бөкен
Курстың мақсаты - пәнді оқыту барысында қазақ тілінің және түркі халықтарына ортақ аксиолингвистикалық ерекшеліктерді меңгерту және қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу, оқытудың аксиолингвистикалық ұстанымы, қазақстандық тілдік тұлғаның құндылық бағдарын қалыптастыру мақсат етіледі.
Міндеттері:
- Аксиологиялық лингвистика, аксиологиялық категория ұғымдарын ажырата білу;
- Түркі халықтарына ортақ мұралар арқылы аксиолингвистикалық бағалау параметрлерін білдіру құралдарын талдау;
- Аксиололингвистикалық ұғымдарды нақтылап іске асыру кезінде пайдаланылатын танымдық тиісті бағалау параметрлерінің (түрі, нысаны, пішіні мен сипаты) лингвистикалық құралдарын танып білу;
- Аксиологиялық ақпаратты тілдік құралдардың алуан және әртүрлі деңгейлерін анықтау;
- Аксиологиялық аспектілерді жүзеге асыратын тілдік құралдардың мүмкіндіктерін саралау;
- Құндылық бағдарлы ұғымдарды жеткізудегі тілдік интерпретациялардың варианттылықтарын талдау.
- Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен философия, қазақ жазуының тарихы пәндерінен бұрын меңгерген білім, дағды негіздерін жетілдіру, оларды талдай білуге дағдыландыру;
- Teacher: Бақтыгүл Шагирбаева
Курстың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны технологияларын меңгерте отырып, оқу бағдарламасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, оқу мақсатына қол жеткізуде, оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда, бағалаудың мақсатын, оның жеке түрлерін білу, мазмұн-мағынасын, мәнін түсіндіру, ұғындыру.
Пәннің негізгі міндеті:
- Бағалаудың міндеті — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық
- стандартқа сәйкестендіру.
- Білім алушыларға бағалаудың түрлері және ұстанымдары жайында мағлұмат беру;
- Бағалау кезеңдері және инструменттерін талдата меңгерту;
- Критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау және суммалық (ішкі және сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру;
- Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының (қысқа, орта, ұзақ) түрлері жайында ұғымдар қалыптастыру;
Пәнді оқыту үдерісі кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
- Оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын;
- Ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан, оның ішінде ауқымды компьютерлік желіні жетік меңгерген;
- Психикалық және психофизикалық дамудың жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алады;
- Әртүрлі жастағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық әдістерін пайдалануға дайын;
- Білім берудің әртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдануға дайын;
- Балалардың әралуан әрекет түрлерін ұйымдастыруға дайын;
- Білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгерген.
Пәнді оқыту үрдісі пәндік құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
- Қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
- Психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша жүйелі білімдерді, оқыту әдістемесін, классикалық және қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар туралы білімді игерген;
- Білім алушылардың жетістіктерін қазіргі әдістермен диагностикалауды пайдалануға қабілетті;
- Байқаулар мен тәжірибелер нәтижелерін теориялық тұрғыдан талдау әдістерін компьютерлік үлгілеуді қолдануды игереді.
- Teacher: Айнаш Курманова
- Teacher: Гульшат Шахманова
Курстың мақсаты – қазақ мәдениетінің құрамдас озық үлгілерін құрайтын қазақ әдебиетінің негізгі бір бөлшегі саналатын балалар әдебиетіндегі әдеби шығармалармен таныстыру, оларды талдай, саралай білуге үйрету;
- балалар әдебиетінің бастау арналарына ден қою;
- балалар әдебиетінің халық ауыз әдебиетімен бірлікте екендігіне көз жеткізу;әрбір тарихи кезеңдердегі балалар әдебиетінің даму сатыларын бажайлау, осы тұстағы әлеуметтік - қоғамдық ахуалға байланыстылықтың ара жігін аңғару;
- қазақ балалар әдебиетін қалыптастырушыларға, руханият мәселесіне назар аудару;
- балалар әдебиеті шығармаларының жанрлық ерекшеліктерін таныту;
- осы пәнді оқу кезінде алған білімі негізінде балалар әдебиеті шығармаларын басқа халықтар балалар әдебиетімен салыстыра, бағалай білуге дағдыландыру;
- әдебиеттің эстетикалық категориялары туралы студент білімін кеңейте отырып, оны дүниежүзілік әдебиет байлығына бағыттау;
- шетел балалар әдебиетінің қазақ тіліне аударылу және керісінше, қазақ балалар әдебиетінің басқа халықтар тіліне аударылу дәрежесін, жариялануын, зерттелуін және осы жолдағы жетістігі мен кемшілігін талдай, зерттей білу.
- Teacher: Гульден Кажибаева
- Teacher: Назгуль Конкаева
Курс мақсаты- B1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.
Курстың міндеттері:
- Teacher: Баглан Шукуманова
- Teacher: Айнаш Курманова
Мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері мен əдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің практикалық жолдарын үйрету арқылы кəсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бəсекеге қабілетті, ғылыми жəне интеллектуалдық əлеуеті жоғары филолог мұғалім даярлау.
Пәннің негізгі міндеттері:
· студенттерге қазақ тілін оқыту əдістемесінің əдіснамалық-теориялық негіздерін
меңгерту;
♦ қазақ тілін оқыту əдістемесінің негізін қалаған ғалым-əдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру;
♦ студенттерді педагогика жəне əдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді қолданудың жолдарын үйрету;
♦ студенттерді мектепте оқытылатын қазақ тілі пəнінің мақсат-міндеттерімен жəне білім мазмұнымен таныстыру;
♦ мектепте қазақ тілін оқытудың əдістемелік жүйесімен таныстыру;
♦ оқу бағдарламалары жəне оқу-əдістемелік кешендермен таныстыру;
♦ қазақ тіл білімі салаларын мектепте оқытудың əдістемелік жолдарын меңгерту;
♦ пəн бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-əдістемелік кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
♦ өз бетінше əлемдік педагогика ғылымындағы жаңа əдістемелерді меңгеруге дағдыландыру;
♦ білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде пайдалануға үйрету;
♦ болашақ мамандарды қазақ тілін оқытудың инновациялық, интербелсенді əдістерін қолдануға үйрету (мектеп оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды меңгерту, білім нəтижелерін сараптау жəне оны жетілдірудің жолдарын табуға баулу);
♦ өзінің кəсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға баулу.
- Teacher: Айнаш Курманова
«Практикалық қазақ тілі» бакалавриаттың 1-курсына оқытылады. Филологтарды лингвистикалық пәндерге дайындаудың алғашқы баспалдағы. Қазақ тілінің негізгі мәліметтермен, негізгі ұғымдармен, терминдермен таныстырып, практикалық тұрғыда тілдік талдауға машықтандыратын пән. Пәннің мақсаттары мен міндеттері – студенттерге қазақ тілінен элементарлы мәлімет беру, тілдің деңгейлік жүйесі – фонетика, лексикология, сөзжасам және грамматиканың морфология мен синтаксис салаларынан, орфография мен пунктуация заңдылықтарынан жүйелі білім беру.
Білім алушыларға критериалды бағалау технологиясын қолданып, қазақ тілінің негізгі мәліметтерімен, негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстырып, практикалық тұрғыда тілдік талдауға машықтандырады. Қазақ тілінен элементарлы мәлімет беру, тілдің деңгейлік жүйесі – тілдің дыбыстық жүйесін, сөз мағынасын, жаңа ұғымның жасалу тәсілдерін, грамматиканың морфология мен синтаксис салаларынан, орфография мен пунктуация заңдылықтарынан, тіл мәдениетінен жүйелі білім береді.
- Teacher: Гульшат Шахманова