Варианты зачисления на курс
Курстың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны технологияларын меңгерте отырып, оқу бағдарламасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, оқу мақсатына қол жеткізуде, оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда, бағалаудың мақсатын, оның жеке түрлерін білу, мазмұн-мағынасын, мәнін түсіндіру, ұғындыру.
Пәннің негізгі міндеті:
- Бағалаудың міндеті — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық
- стандартқа сәйкестендіру.
- Білім алушыларға бағалаудың түрлері және ұстанымдары жайында мағлұмат беру;
- Бағалау кезеңдері және инструменттерін талдата меңгерту;
- Критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау және суммалық (ішкі және сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру;
- Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының (қысқа, орта, ұзақ) түрлері жайында ұғымдар қалыптастыру;
Пәнді оқыту үдерісі кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
- Оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын;
- Ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан, оның ішінде ауқымды компьютерлік желіні жетік меңгерген;
- Психикалық және психофизикалық дамудың жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алады;
- Әртүрлі жастағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық әдістерін пайдалануға дайын;
- Білім берудің әртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдануға дайын;
- Балалардың әралуан әрекет түрлерін ұйымдастыруға дайын;
- Білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгерген.
Пәнді оқыту үрдісі пәндік құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
- Қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;
- Психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша жүйелі білімдерді, оқыту әдістемесін, классикалық және қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар туралы білімді игерген;
- Білім алушылардың жетістіктерін қазіргі әдістермен диагностикалауды пайдалануға қабілетті;
- Байқаулар мен тәжірибелер нәтижелерін теориялық тұрғыдан талдау әдістерін компьютерлік үлгілеуді қолдануды игереді.