Ақпараттандыру – бұл қоғамдағы еңбек сапасымен өмірдің шарттары түбегейлі жақсартылған қажетті және жеткілікті болатын барлық қоғам мүшелердің хабардарлылық деңгейге жетуін және оны суйемелдеу деңгейін қамтамасыз ететін жалпыға бірдей ақпараттық құралдармен технологияларды құру, дамыту және қолдану. Ақпараттық басқару – «басқару» және «ақпартты басқару» ұғымдарының өзара байланысы модель мен ақпаратты модель ұғымдарынын өзара байланысындай. Тікелей басқарудан айырмашылығы, ақпараттық басқару барлық уақытта жанама, тым болмағанда байланыс арналарын, ақпаратты тарату арналарын пайдаланумен болады. Мағынасы бойынша, ақпараттық басқару басқарылатын объектіге әсер етумен байланысты, тікелей басқарумен қатар, материалдық немесе алаңдық әсер ету бар.

Ақпараттық қоғам - бұл жоғары деңгейдегі өндіріс пен ақпарат және ақпараттық қызметті тұтынумен сипатталатын қоғам. Қоғамды ақпараттандыру-ақпарат пен білімнің мәнділігін арттыру процесі, қоғамдық өмірдің барлық адамдардың тұлғалық әдістерді кеңнен тарату. Ақпараттық білім беру кеңістігі-білім беру мақсатында қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде адамдардың тұлғалық өзгерісі өтетін кеңістік.

Ақпараттық мәдениет деңгейі-төмендегідей міндеттерді :

-ақпараттық технологияларды түсіну, жауап қайтару, пайдалану қажеттілігін ұсынуға негізделген;
-тек ақпараттық технологияларды пайдалану үшін ғана емес, сонымен
бірге, ақпаратты ғылыми ұйымдастыруды түсіну, эмпатия, құндылыққа
бағытталғандыққа негізделген;
-ақпараттық құзырлықтың базалық сипаттамаларына құндылыққа
бағытталғандық пен импровизацияға қабілеттілікке негізделген зерттеу
тобындағы қамтиды.
Ақпараттық модель-ақпараттық объектілер жиынтығы, олардың атрибуттары
мен объектілерінің арасындағы қатынастардың жиынтығын, пәндік саланың
динамикасының өзгерісін, пайдаланушылардың ақпаратты тұтыну сипатын
анықтайтын пәндік саланың моделі. Алгоритм және программа – бұл ақпараттық  моделдердің әртүрлі түрлері. Компьютерде жүретін кез келген процестің сәйкес ақпараттық модельді құрып, зерттеу өтуі мүмкін емес.
Ақпараттық құзырлықтың деңгейін-төмендегідей міндеттер тобы:
- ақпараттық бөлік міндеттері;
- компьютерлік және ақпараттық техника бөлігінің міндеттері;
- операциялық жүйелер бөлігінің міндеттері;
- қолданбалы программалар бөлігінің міндеттері құрайды.
Ақпараттық педагогикалық орта - ақпараттық мәдениет пен қоғамдық және
тұлғалық мәні бар құндылық ретінде есептелетін, білім маманының ақпараттық
құзырлығын қалыптастыруға қажетті жағдайды құру мақсатындағы ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылымы.
Ақпараттық педагогикалық тезаурус - өзара түсіндірілетін және
педагогикалық ұғымдардың және олардың өзара байланысының ашық кәсіби
бағытталған жүйесі, ол қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы қазіргі білім
беру маманының ақпараттық қызметінің мазмұны мен оны кәсіби дайындаудың
бөлігі болып табылады.
Ақпараттық процесс - ақпараттық жүйелер мен мәліметтерді тарату
құралдарымен қамтамасыз етілетін ақпаратты қабылдау, қорландыру, өңдеу және тарату процесі.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты алу, түрлендіру, сақтау, тарату
және пайдалану әдістері мен құралдары.
Ақпараттық экология-әлеуметтік және табиғи ортадағы адамдардың
салауатты ақпараттық өмір салтын қалыптастыру туралы ілім.
Ақпараттық этика-адамдарға қатысты рухани залалдықты жою мақсатында
ақпаратпен қарым-қатынас жасау ережесі.
Ашық беру-бұл оқыту процесі өтетін белгілі бір білім деңгейіне жетуді
жүзеге асыратын ұйымдастырылған, педагогикалық және ақпараттық
технологиялар жүйесі.
Әлемнің ақпараттық бейнесі-ақпарат құралатын, тұтынылатын, орналасатын
көп өлшемді ақпараттық кеңістіктің моделі.
Әлеуметтік интеллектуалдандыру-ақпараттың қабылдануы мен дүниеге келу
қабілетін дамыту процесі, яғни жасанды интеллект құралдарын пайдалануды
қоса есептегендегі, қоғамның интеллектуалдық потенциялын арттыру.
Базис-бұл мақсат, міндеттер, зерттеу пәні мен объектісі, зерттеу
әдістері, категориялары мен ұғымдары.
Білім беруді ақпараттандыру-танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және
оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге араналған жағдайды құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайда құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпараттытарату құралдарының, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен
құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.
Білім беруді қазірігі ақпараттық технологиялар-адамзаттың
интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және азаматтың
интеллектуалдық, оның ішінде білім берудегі қызметін шынайы күшейтуге
қабілетті құрал.
Білім беру жүйесі-адамның дамуы үшін арнайы тағайындалған аға
ұрпақтардың тәжірибелерін тарату және қабылдау тәжірибесінің арнайы
ұйымдастырылған жүйесі.
Білімдік компетенция-бұл шынайы ақиқаттың объектісіне қатысты жеке
тұлғалық және әлеуметтік мәні бар өнімді іс-әрекеті жүзеге асыруға қажетті
оқушының өзара байланысқан мәні бар бағдары, білімі, іскерлігі, дағдысы
және іс-әрекет тәжірибелерінің жиынтығы.
Білім маманының ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы(латын тілінен
аударғанда compete-жетемін, сай боламын,сәйкес келемін)-кәсіптік
педагогикалық іс-әрекет ретінде ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және
меңгеру міндеттерін шешу қабілеті.
Білім беру процесінің қашықтан оқыту технологиясы - ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген қашықтықтағы
оқу процесін жүргізуді қамтамасыз ететін, оқу процедураларын
әкімшіліктендіру, оқыту әдістері мен құралдарының жиынтығы.
Білім беру кеңістігі-білім берудегі жалпы мемлекетті бірлік сақталатын
кеңістік.
Білім берудегі компьютерлендіру-программалық құралдардың пайда болуына байланысты болды және ол компьютер мен адамның диалогты өзара
әрекеттесуінің пайдалануын сипатталды.
Білім берудің ұлттық моделі-жалпы білім беру моделі негізінде оның
жетістіктері мен үздіксіздігімен білім берудің төрт деңгейін қамтиды:
- мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу;
- орта білім беру;
- жоғары кәсіптік білім беру;
- жоғарғы оқу орыннан кейінгі кәсіптік білім беру;
Бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігі-механизмер мен тәсілдермен
ұйымдастырылатын және басқарылатын шынайылық, оқушылардың мәдени, білімдік,кәсіптік деңгейлерін арттыру мақсатына жету.