Пәнді оқыту мақсаты:

Классикалық және қазіргі математиканың негіздерін қамтиды және пән бойынша оқу міндеттерін шешуге бағытталған.

«Математика негіздері» пәнінің мақсаты – студенттерді мектепке дейінгі балаларды оқытудың нақты жағдайларынан туындайтын оқу-тәрбиелік міндеттерді кәсіби тұрғыда шешу үшін қажет болатын білім, білік және дағдылармен қаруландыру.

Пәнді оқыту міндеттері:

-        аса маңызды математикалық ұғымдар мен фактілердің мән-мағынасын ашып қөрсету;

-        математика бастамасын меңгеру үдерісінде студенттердің білуге құмарлықтарын, эмоционалды-танымдық біліктерінің дамуына әсер ету;

-        студенттердің логикалық сауаттылықтарын және алгоритмикалық мәдениеттерін жетілдіру;

-        стандартты емес ойлаға оқыту, табандылық пен тапқырлықтарын, дұрыс шешімін қабылдау ептіліктерін дамыту;

-        оқу құралдарымен және басқа математикалық әдебиетпен өздігінен жұмыс жасау шеберліктерін дамыту.