Пәннің пререквизиттері: математика, астрономия және физика, Жалпы жертану, метеорология және климатология, геология палеогеография негіздерімен.
Пәннің постреквизиттері: Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы, жаратылыстану, геоморфология, географияны оқыту әдістемесі, жалпы гидрология.
Пәннің мақсаты: географиялық карта, карта түрлері, оларды пайдалану ерекшеліктерін, картадағы бұрмаланулар, олармен жұмыс істеу барысында ескеру түсініктерімен танысу, географиялық карталардың басты қасиеттері мен ерекшеліктерін ашып көрсету, олардың алуан түрлілігін көрсету, экологиялық құбылыстар мен өзгерістерді картаға түсіру жолдары мен әдістерін анықтау;
Қысқаша сипаттамасы: Географиялық глобустарды, жалпы географиялық топографиялық, тақырыптық карталарды, атластарды, өзгеде картографиялық материалдарды іс-тәжірибеде пайдалануды; топографиялық түсірімдердің ең қарапайым түрі мен геометриялық нивелирлеуді жүргізуді; Карталарды пайдалану барысында географиялық обьектілердің ерекшеліктерін анықтау.
Оқыту нәтижелері:
Н1. Әлемде және Қазақстанда болып жатқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік үдерістерді сипаттау кезінде әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардан білімді қолданады
Н2.Географиялық және тарихи ғылымдардың теориялық негіздерін, қоғамдық және табиғи жүйелердің жұмыс істеу заңдары мен заңдылықтарын, ғылыми жаратылыстану концепцияларын білуін көрсетеді.
- Teacher: Мейрим Умирбекова