Пән туралы қысқаша сипаттама: Қазіргі қазақ тілі фонетикасы және қазақ жазуының тарихы пәнінің негізгі зерттеу нысаны – тіл дыбыстары, қазақ жазуының даму кезеңі, түрлері. Табиғи дыбыстардың тіл дыбыстарынан ерекшелігі, тіл дыбыстарының жасалуы, олардың сапасы, тілдің ең кіші бөлшегі ретіндегі дыбыстардың қызметі, қазақ тілінің дыбыстар жүйесі, дыбыстардың бір-біріне әсері, орфография мен орфоэпия заңдылықтары, қазақ графикасының дамуы мен қазіргі жай-күйі сияқты өзекті мәселелер туралы нақты ғылыми түсінікті фонетика пәнінен алды.

            Фонетика курсын аяқтаған студент қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін танып, дыбыстардың жазылуы мен дыбысталуындағы ерекшеліктері мен негізгі заңдылықтары туралы мәселелерді игереді.