Органикалық химия – химияның көміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы.
Органикалық химия курсының мақсаты: студенттерге органикалық химия бойынша белгілі бір дәрежеде білім беру, органикалық химияның іргелі негіздерін оқып үйрену, теориялық негізін және мәнін түсіндіру.
Органикалық химия курсының міндеттері:
органикалық қосылыстардың негізгі кластарының химиялық қасиеттері туралы түсінік беру; органикалық қосылыстардың логикалық байланысы мен реакциялық қабілетін түсіндіру.
Оқыту нәтижелері:
– пәннің негізгі пәні, міндеттері мен мақсаттарын анықтайды;
– органикалық реакциялар ағымының негізгі заңдылықтарын анықтайды, органикалық заттардағы химиялық байланыстарды, электрондық бұлттардың құрылысын сипаттайды, органикалық реакцияларды қолдану мысалдарын келтіреді, органикалық заттарды синтездеу әдістерін таңдайды;
– зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау кезінде алған теориялық білімдерін қолданады, зертханалық жұмыстарды орындау тәсілдері мен дағдыларын көрсетеді, синтездерді орындаудың қандай да бір тәсілдерін түсіндіреді, талдау нәтижелерін растайды.
- Учитель: Назира Базарбаевна Касенова