Азаматтық құқық саласының «Міндеттемелердің
жекелеген түрлері», «Интеллектуалдық меншік құқығы» және «Мұрагерлік
құқығы» бөлімдерін қамтиды. Қазақ тілінде Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі
бойынша комментарий болмауына және осы кодекстің қазақ тіліндегі
мәтініндегі көптеген олқылықтарға байланысты студенттер және өзге
қызығушылық білдіретін азаматтарға аталған тақырыптарды игеру қиындау
болып келеді. Бұл пән тиісті салада білім алушыларға ыңғайлы, түсінікті
әдістермен көмек беру мақсатында дайындалған.
Азаматтық құқық пәні бойынша білім алушылардың басты
мақсаттарының бірі – теориялық білімдерді және заңнамалық нормаларын
тәжірибеде пайдалана білу. Сондықтан әрбір тараудың немесе тақырыптың
соңында нақты тәжірибелік жағдайлар келтірілген.
- Мұғалім: Азамат Омаров