Қазіргі кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп мамандары оның қаржы-шаруашылық қызметтері есебін және бақылауын ұйымдастыруын, ішкі және сыртқы қолданушыларға есеп ақпаратын дайындауды білулері қажет. «Бухгалтерлік есеп негіздері» курсы теориялық және тәжірибелік мақсатындағы бағыты бұл болашақ мамандардың есеп және аудит саласындағы кәсіби білім игеруі. Бұл курста бухгалтерлік есептің қалыптасу тарихын ашып көрсетеді және бухгалтерлік есептің нысандары мен бухгалтердің этикалық нормалары туралы түсінік береді, бухгалтерлік есептің мемлекеттік реттеуін көрсетеді.
«Бухгалтерлік есеп негіздері» пәнін оқу нәтижесінде білім алушы: ұйымдағы бухгалтерлік есептің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын және жүргізілу тәсілін, ҚР- дағы есептің нормативтік реттелу негізін, тарихи аспектілерін, бухгалтерлік есептің негізгі концепцияларын, бухгалтерлік бақылау объектілерін, бағалаудың заманауи тенденцияларын, нормативті-құқықтық актілерді, есептік жазбаларды қалыптастыру әдістемесін және орындалған фактілерді құжаттау нысандарын біле алады.
- Мұғалім: Индира Ашимова