Пәннің мақсаты: «Функционалды грамматиканың теориялық мәселелері» бакалавриаттың білім беру бағдарламасының міндетті компонентіне енгізілген. Студенттерді функционалды грамматика пәнінің теориялық негіздерімен, негізгі мәліметтерімен, негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстыру. Қазақ тілінің грамматикалық құралдары, функционалды лингвистиканың теориялық негіздері туралы мағлұмат беру. Студенттерге функционалды-семантикалық категория өрісі, персоналдылық функционалды-семантикалық категориясы, предикаттық өрісін меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін,тілдің қатысымдық қызметінің қырларын ажырыта білуге үйгету.
Қысқаша сипаттамасы: функционалды грамматика пәнінің қалыптасуы, тілдің негізгі салалары мен тақырыпаралық, пәнаралық байланыста оқытудың методологиясы жайында мағлұмат беріледі. Функционалды грамматиканы меңгертуде пән бойынша білім, білік және құзыреттілік қалыптасады.
- Мұғалім: Гулгул Искакова