Пәннің мақсаты: «Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау» бакалавриаттың білім беру бағдарламасының міндетті компонентіне енгізілген. Студенттерді стилистика ғылымының теориялық негіздерімен, негізгі мәліметтерімен, негізгі ұғымдарымен, терминдерімен таныстыру. Қазақ әдеби тілінің стилистикалық құралдары, стильдік тармақтары туралы мағлұмат беру. Студенттерге стилистикалық норманы меңгерту, сөздердің, басқа да тілдік тұлғалардың қолданылуына қарай туындайтын мағыналық реңктерін, стильдік қырларын ажырыта білуге үйгету. Көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасаудың жолдарын меңгерту.
Қысқаша сипаттамасы: Қазақ тілінің стилистикасы және көркем мәтінге лингвистикалық талдау пәні студенттерге қазақ тілінің стиль түрлерінің өзіндік ерекшеліктері, тілдік құралдар мен стильдік нормалар туралы жүйелі білім береді. Оқыту үдерісінде белсенді педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде әңгімелесу, пікірталас, проблемалық дәріс, жағдаяттық талдау тәсілдері қолданылады.
- Учитель: Гулгул Искакова