Курстың қысқаша  сипаттамасы:

    Пәнді игеру  барысында: 

1) рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәнін меңгертіледі;

2) болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейтіледі.

3) құндылықтардың  адамдық болмыстың  негізін  қалаушы, адам өмірінің бағыт-бағдарын  анықтаушы категория  екендігі , олардың құрылымы  мен  сипаты, құндылық  пайымдаулардың  табиғаты  мен  ерекшелігі, құндылықтарды  бағалау категориясының  маңызы, бағалаудың обьектісі, жалпыадамзаттық ұлттық  құндылықтарды  тани білудің мәні жан-жақты  практикалық  тұрғыда  түсіндіріледі. Пәнді оқытуда  әңгіме, пікірталас, түрлі  медиаконтенттер әдісі  пайдаланылады.