Курс мақсаты-  B1, B2  біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби  және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.

Курстың  міндеттері:

     1) рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәнін меңгерту;

       2) болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына көз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.