Пәнді оқытудағы мақсаты : болашақ мұғалімдер және қызмет істеп жүрген мамандардың сана сезіміне педагогикалық шеберлігі тұрғысынан әсер ету, білімділік, біліктіліктерін шыңдау, кәсіптік шеберлікке ынталандыру, тәрбиелеу, соған сәйкес атқарар іс-әрекеттің тетіктерін ұсыну. Пәннің міндеті – - Педагогтардың шеберлік кәсіптік мінез – құлықтарының ұстанымдарын , нормалары мен ережелерін танытып білдіру; - Педагогтардың мінез – құлықтары мен іс-әрекеттерін сұранысқа сай қалыптастыру, реттеу, бағалау әдіс-тәсілдерін ұсыну, соған жаттықтыру; - Педагогтардың кәсіби мінез-құлықтарын анықтауш сыртқы,ішкі факторлар жүйелерімен таныстыру; -Кәсіптік қарым- қатынас аясында педагогикалық процеске қатысушылардың бірін-бірі қабылдау ерешеліктерін білуге,педагог тұлғасының маңызды қасиет-қаблеттерін бағалауға үйрету; -Педагог тұлғасының ерешеліктерін қызметінің кәсіптік талаптарына сәйкестендіру тетігімен таныстырып,іске асыруға үйрету; - Педагогикалық қызметте болатын қателікті іс-әрекетердің зиянды салдары мен қолайсыз факторларды жоюға жол ашу; -Педагогтың өзінің ықпал өрісі мен әрекет аукемен анықтауға және олорды үнемі жетілдіруге ынталандыру. Студенттің іскерлік дағдысы: - педагогикалық шеберлігі негізіндегі іс-шараларды ұйымдастыру және біріктіру; - педагогикалық шеберлігі дайындық мәселелеріне байланысты зерттеу – аналитикалық жұмыс жүргізуі.