Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік деңгейде дайындауда қазақ тілінің рөлі мен маңызы өте зор. Мұның себебі: 1) бастауыш сыныпта Қазақ тілінің оқыту теориясы мен технологиясы – ғылым; 2) қазақ тілі – бастауыш мектептегі негізгі оқу пәні; 3) қазақ тілі сабағы орыс тілінде жүргізілетін мектептерде мемлекеттік тіл ретінде оқытылады.

     «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсаты – болашақ бастауыш мұғалімдеріне «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ беру әдіс – тәсілдерін меңгеру.

     Пән мынадай міндеттерді көздейді:

·       «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарды таныстыру;

·       бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;

·       сауат ашу технологиясын;

·       әдебиеттік оқу технологиясын;

·       жазуға үйрету техгологиясын;

·       грамматиканы оқыту технологиясын;

·       тіл дамыту технологиясын;

·       оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу технологиясын көрсету;