Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік деңгейде дайындауда қазақ тілінің рөлі мен маңызы өте зор. Мұның себебі: 1) бастауыш сыныпта Қазақ тілінің оқыту теориясы мен технологиясы – ғылым; 2) қазақ тілі – бастауыш мектептегі негізгі оқу пәні; 3) қазақ тілі сабағы орыс тілінде жүргізілетін мектептерде мемлекеттік тіл ретінде оқытылады.
«Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы» пәнінің мақсаты – болашақ бастауыш мұғалімдеріне «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» оқыту әдістемесінің теориясы мен технологиясынан жүйелі білім беру, сабақ беру әдіс – тәсілдерін меңгеру.
Пән мынадай міндеттерді көздейді:
· «Әліппені», «Әдебиеттік оқуды», «Қазіргі қазақ тілі» грамматикасын үйренудің заңдылықтары мен негізгі әдістемелік ұстанымдарды таныстыру;
· бастауыш сыныпта оқытылатын білім мазмұнын және оқыту жүйесін білдіру;
· сауат ашу технологиясын;
· әдебиеттік оқу технологиясын;
· жазуға үйрету техгологиясын;
· грамматиканы оқыту технологиясын;
· тіл дамыту технологиясын;
· оқыту барысында шығармашылықпен жұмыс жүргізу технологиясын көрсету;
- Teacher: Жамиля Зулкарнаева