Пәннің пререквизиттері - әлемдік тарих, мәдениеттану, саясаттану.
Пәннің постреквизиттері - философия негіздері.
Курстың мақсаты Әлем діндері тарихы пәнін оқып үйрену барысында студенттер дін феноменінің теориялық және практикалық негіздерін қарастырады. Әлемдік діндер тарихын болашақ қоғамтанушы,тарихшы ретінде тарихи хронологиялық шектерде қарастырылады. Негізгі мақсат студенттерді «әлемдік діндер тарихы» пәні арқылы әлемдік діндердің генезисі,эволюциясы ерте дәуірлерден бүгінгі заманға дейінгі аралықта тарихи-ретроспективада зерделенеді. Әлемдік және ұлттық діндердің халықтар мен ұлттардың дәстүрлі мәдениеттерімен байланыстары сараланады. Сондай-ақ әлем діндері тарихы курсы аясында әлемдік діндердің діни-әдеби мұралары, қазіргі заманғы діни шығармалар оның адамзат өркениеті үшін маңызы талданып көрсетіледі.
Оқыту нәтижелері:
1. Кең ой-өрісі, жоғары ойлау мәдениеті, төзімділік және гуманизм бар үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндер саласындағы базалық білімдерді көрсету; дінтанушылық ғылымдар: дін тарихы мен ислам діні тархындағы діни концепциялар мен догматтарды көрсете алу
2. білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу контексінде мұғалімнің педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін сандық білім беру технологиялары саласындағы білімді тәжірибеде қолдану (БЖБ, ТЖБ);Ислам дінтану тарихынан алған білімді діни аһуалды талдау барысында алған білімін кәсіби деңгейде қолдану машығына ие болу мүмкіндігін іске асыру.
3. оқу-тәрбие процесін, оның ішінде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін гуманистік дүниетаным негізінде өз азаматтық ұстанымын қорғауда көшбасшылық қасиеттерін көрсету; белгілі дінтанушылардың пікірін талдау барысында дәлел ойларды, аргументтерді құрастыру
4 Діндер тарихын қарасытырғанда олардың шығу себеп-салдарлық байланыстарын анықтау және діни танымның адамзат өркениетіндегі онын анықтауда ежелгі тарих, орта ғасырлар тарихы басқа да әлеуметтік-гуманитарлық базалық білімдерді пайдалану; оларды практикалық пайдалану үшін тарихи көздерді жіктеу;
5. білім алушылардың төзімділігі мен төзімділігін қалыптастыру және дамуының әртүрлі кезеңдерінде қоғамның діни жағдайын талдау үшін басқа гуманитарлық пәндер білімін қолдану.
- Мұғалім: Айнур Жахина