Пререквизиттері: Осы курсты оқу үшін «Алғашқы қауымдық қоғам тарихы», мектептегі «Ежелгі дүние тарихы», Ежелгі Шығыс және антикалық Греция мен Римнің тарихынан білімдер қажет.
Постреквизиттері: Орта ғасырлар тарихы, Европа және Американың жаңа және қазіргі заман тарихы, Азия және Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы, «Тарих пәнін оқыту әдістемесі» , «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту әдістемесі
Пәнге қысқаша сипаттама:
Бұл пәнді кредиттік технология бойынша оқитын тарих мамандағының бірінші курс студенттері элективті компоненттер циклында, семестрінде оқиды. 3 кредит бөлінген.
Ежелгі дүние тарихы-ол алғашқы адамзат қоғамының пайда болуымен, таптық қоғамның туып, өркениеттің пайда болуының тарихы. Адамзаттың дамуының алғашқы жетістіктері осы Шығыс елдерінде алғаш рет пайда болды, яғни жазудың шығуы, осының нәтижесінде сол кездегі тарихи оқиғалар туралы деректердің сақталуы, адамдардың бірігіп еңбек етуіне үйренуі,Шығыстағы алғашқы саяси өмірдегі басқарушылық түрлері мен қоғамдық сананың қалыптасуы және оның біртіндеп барлық дүниеге таралуы. Ежелгі Шығыс халықтарының дамуындағы өркениеттің ерекше түрі ол мемлекеттің пайда болуы және оның тек қана шығысқа тән белгілерінің болуы. Шығыс халықтарының тілдің даму ерекшеліктері, мідени байланыстар, олардың этногенезі.
Ежелгі дүние халықтарының тарихын оқыта отырып ол жерлерде пайда болып дамыған халықтардың өткен тарихына баға беру. Грек-Рим әлемінің дамуына Шығыс халықтарының тигізген әсерін, Ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің өзіне тін ерекшеліктерін, олардың экономикалық, саяси дамуын және мемлекеттік құрылысындағы ерекшеліктер мен өркениетінің өзіне ғана тән жақтарын ашып талдау. Ежелгі дүние тарихы ежелгі халықтарының ежелгі дүниесін зерттеген тарихнамалық еңбектер жазған ғалымдар зерттеулері мен тарихи деректерді талдай отырып ежелгі адамзат дүниесіне баға береді.
Пәннің мақсаты: Адамзат қоғамы өз дамуында бірнеше қоғамдық формацияларды басынан өткерді. Ежелгі дүние тарихы курсында Ежелгі Шығыс және Антикалық қоғам тарихы болып екі кезеңге бөлініп оқытылады. Ежелгі Шығыс халықтарының тарихын Ніл мен Ефрат өзендерінің жағасында алғашқы таптар мен мемлекеттілік бірлестіктердің пайда болғанынан бастап, яғни б.д.д. ІҮ мың жылдықтың екінші жартысынан бастап оқытамыз.Содан Александр Македонскийдің Таяу шығысты толық басып алғанына дейін, яғни б.д.д. ІҮ ғ., ал Орталық Азия, Үндістан және Қиыр Шығыс халықтарының тарихы б.з. ІІІ-ІҮ ғғ. Құлиеленушіліктің орнына феодалдық қоғам орнағанға дейінгі кезеңді қамтиды.
Пәннің міндеттері: Ежелгі дүние тарихын оқыту барысында ежелгі кезеңдегі халықтар, олардың тілі, жазуы мен сызуы, мемлекеттік құрылысы, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, алғашқы ркениет ошақтарын тарихи деректер негізінде оқыта отырып білім беру қазіргі күнгі өзекті мәселелердің бірі.
- Teacher: Сауле Ахметжановна Абдрахманова