Курстың мақсаты   –

«Түркітануға кіріспе» пәні филолог-студенттердің тарихи лингвистикалық пәндер циклінен арнаулы қамтитын курстарының бірі. Бұл пән бұдан бұрынғы курстарда алған білімін кеңейтіп, тереңдетуіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге студенттердің «Жалпы тіл білімі» пәнін жете меңгеруін де жеңілдете түсуге тиісті. Студенттерге түркі тілдері мен халықтарының зерттелу тарихынан, түркі тілдерінің топтастырылуы мен өзіндік ерекшеліктерінен, сондай-ақ, түркі жазуы мен тіл мәдениеті тарихының кезеңдерінен мағлұмат беру.

Пәннің міндеттері: Студенттерге ертедегі және қазіргі түркі тілдерін, жазба мәтіндерін зерттеу жұмысымен таныстырып, болашақ мамандыққа дағдыландыру


Курстың мақсаты   – Студенттерге мектепте қазақ тілін жаңа инновациялық технологиялар арқылы оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық дүниетанымы жоғары маман даярлау.


Курстың мақсаты – жаңартылған білім мазмұны технологияларын меңгерте отырып, оқу бағдарламасының өзіндік ерекшеліктерін анықтау, оқу мақсатына қол жеткізуде, оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда, бағалаудың мақсатын,  оның жеке түрлерін білу, мазмұн-мағынасын, мәнін түсіндіру, ұғындыру. 

Пәннің негізгі міндеті:  

- Бағалаудың  міндеті — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық 

- стандартқа сәйкестендіру.

- Білім алушыларға бағалаудың түрлері және ұстанымдары жайында мағлұмат беру;

- Бағалау кезеңдері және инструменттерін талдата меңгерту;

- Критериалдық кесте-рубрикаторлары, форматтық бағалау және суммалық (ішкі және сыртқы) бағалаудың ерекшеліктерін түсіндіру;

- Оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының (қысқа, орта, ұзақ) түрлері жайында ұғымдар қалыптастыру;

Пәнді оқыту үдерісі кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

- Оқу-тәрбие үдерісін модельдей алады және оқыту тәжірибесінде оны жүзеге асыруға дайын;

- Ақпараттарды қабылдау, сақтау, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолданады, компьютермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан, оның ішінде ауқымды компьютерлік желіні жетік меңгерген;

- Психикалық және психофизикалық дамудың жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алады;

- Әртүрлі жастағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық әдістерін пайдалануға дайын;

- Білім берудің әртүрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдануға дайын;

- Балалардың әралуан әрекет түрлерін ұйымдастыруға дайын;

- Білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгерген.

Пәнді оқыту үрдісі пәндік құзіреттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.

- Қазақ тілі мен әдебиетінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы мен қазіргі жағдайын біледі;

- Психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша жүйелі білімдерді, оқыту әдістемесін, классикалық және қазіргі заманауи педагогикалық технологиялар туралы білімді игерген;

- Білім алушылардың жетістіктерін қазіргі әдістермен диагностикалауды пайдалануға қабілетті;

- Байқаулар мен тәжірибелер нәтижелерін теориялық тұрғыдан талдау әдістерін компьютерлік үлгілеуді қолдануды игереді.


Қазақ тілі (В1) пәнінде барлық мамандық студенттеріне мемлекеттік тілді  орта деңгейде меңгеруге арналған оқыту сабақтарының жоспары, лексикалық тақырыптарды оқыту үлгілері, мәтіндер, қосымша материалдар берілген. Берілген мәтіндердің тәрбиелік мәні зор, студенттердің тілін дамыту үшін өте қажетті. Берілген материалдар студенттердің тыңдап түсіну, оқып түсіну, жаза білу және сөйлей білу қабілеттерін арттырады.