Глоссарий
Пәннің негізгі термиидері
Абрис (сұлба)- қолдан көз мөлшерімен сызылған түсірілмекші жер бөлігінің төсімлік план
Абсолюттік қате- қандайда бір шаманың өлшенген және оның дәл шамасынын айырмасы.
Аэрофототопографиялык түсіріс- аэрофото суреттерді қолдана отырып кұрастырылған топографиялык түсіріс.
Аэрофототүсіріс- ұшақпен немесе басқалай ұшатын аппараттармен жерді суретке тусіру.
Базис (геодезиялык)- геодезиялық торлардың кабырғаларының ұзындығын аньқтау үшін, екі нукте арасын жоғарғы дәлдікпен елшеу.
Биіктік- деңгей бетпен жер бетіндегі нуктеге дейінгі тік ара кашықтық мемлекттік геодезиялық торларда биіктік осы деңгей бетпен басталады, яғни ол нольдік деңгей бет.
Биіктік (геодезиялык)- референц-эллипсоид беткеи жер бетіндегі нуктеге дейінгі эллипсондк тік (нормаль бойымен) биіктік.
Геодезиялык азимут- берілген нукте арқылы өтетін меридиан жазықтығымен референц-эллипсоид бетіне, берілген нүктеден түсірілген тіктеуіш сызық (нормаль) өтетін және берілген бағыт араларындаы екі қырлы бұрыш.
Гаусс проекциясы- неміс ғалымы К.Ф.Гаусс ұсынған эллипсоид бетін жазықтыққа төмендеп шарттарды сақтай отырып кескіндеу:
1) эллипсоидтың бір меридианы осьтік болып есептелінген және ОХ-абсцисс, ОУ-ординат осьтерімен жазықтыққа меридиан доғасының ұзындығын сақтай отырып кескіндеу.
2) Проекциялау тең бұрышты(кескінделуші нысандардың бұрыштары жазықтыққа өзгермей түседі).
Геодезиялык кері есеп - екі нүктенің координаталары белгілі болғанда, олардың ара қашықтығын және сол екі нүктемен шектелген бағыттың дирекциондык бұрышын табу.
Геодезиялык тура есеп - бір нуктенің координаталары, келесі нүктеге дейінгі ара қашықтық және осы бағыттың дирекциондьқ бұрышы белгілі болғанда, екінші нүктенің координаталарын табу.
Геодезиялык тор- жер бетінде арнаулы белгілермен, центрлермен бекітілген геодезиялық қосындар жүйесі, олардың координаталары X, Ү, 2 бір жүйеде анықталған.
Геоид - жердің деңгей бетімен ашық мұхит теңіздің тыныш қалпындағы деңгейінің дәл келуінен кұрылған Жердің пішіні.
Горизонтальдар (изогипс)- жер бетіндегі биіктіктері бірдей нүктелерді косатын сызық. Топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар мен жер осьтерін көрсету үшін колданылады.
Гидротеодолит- автономды түрде азимут бағытын аньқтайтын геодезиялык аспап. Гринвич меридианы- халықаралық іс келісім бойіынша Ұлыбританиядағы Гринвич (Лондон каласы) абсерваториясының Бас залының ортасынан өтетін астрономиялық бастапкы (цольдік) меридиан
Геодезиялық белгі- геодезиялық қосындар үстіне орнатылган ағаштан нсмесе металлдан жасалған кұрылыс. Бұл кұрлыстар бұрыштык, ұзындық өлшегіш аспаптарды келесі қосынға көздеу, бағыттау және аспаптарды қосын үстіне койып айтылған жұмыстарды аткару үшін керек.
Геодезиялық меридиан- барлык нуктелерінің бойлығы бірден жер бетіндегі сызық. Геометриялық нивелирлеу- жазықтык жағдайға келтірілген аспап дүрбісінің көздеу осьінің көмегімен екі нүкте биіктіктерінің айырмасын анықтау.
Географиялық координаталар- бастапқы меридиан мен экватор жазықтығын, нүктеден түскен тіктеуіш сызықты пайдаланып жер бетінде орналаскан нуктенің орнын анықтауда қолданылатын бұрыштық шама, оларды ендік жэне бойлық дейді.
Геометриялық нивелирлеу- жазыктык жағдайға келтіріген аспап дүрбісінің көздеу осінің көмегімен екі нукте биіктіктерінің айырмасын анықтау.
Гидростатикалық нивелирлеу- қатынаспалы түтіктеге кұйылған сұйықтық қасиетін пайдаланып екі нүкте биіктіктерінің айырмасын анықтау.
Дирекциондық бұрыш- осьтік меридианның сол түстік басынан (ОХ осьпеи) немесе сонынан параллель сызықтан сағат тілінің бағытымен берілген бағытқа дейінгі жазық бұрыш.
Жалпы Жер эллипсоиды- жалпы геолид бетіне көбірек ұксас жер эллипсоиды.
Жер бедерінің кима биікгігі- карта немесе пландағы екі горизонгальдың биіктіктерінің айырмашылығы.
Зенит орны- көздеу осі жазық жағдайда және тік дөңгелектің алидадасы тік бұрыштарды өлшеу кезіндегі жағдайға келтірілген кезіндегі теодолиттің тік деңгелегінен алынған есеп.
Карта- нақтылы математикальқ заңдылыктар мен құрылған, шартты белгілер арқылы кұбылыстардың байланыстарын, сонымен бірге сандық, сапалық мінездемелерін егжей-тегжейлі анықтауға болатын кішірейтілген және жалпыланған жер бетіндегі орналаскан жазықтардын бейнесі.
Магниттік азимут- магниттік меридианның солтүстік бағытынан сағат тілінің бағытымен берілген бағытқа дейінгі жазық бұрыш.
Нивелирлік белгі- геодезиялық нивелирлік қосындарды жерге және тиянақты кұрылыстар үстіне т.б.с.с бекітіп орнатқан кұрылғы.
Планиметр- план немесе карта бойынша жер бөліктерінің ауданын анықтайтын аспап.
Полигонометрия- геодезиялық косындардың жер бетінде сынық сызықтар (полигонометриялық жүріс) немесе жүріс жүйелерін жүргізіп, олардың барлык ұзындықтары мен бұрыштарын өлшеу арқылы орындарын анықтайтын геодезиялық жұмыс.
Профиль- Жер бедерінің тік қимасы.
Референц-эллипсоид- Жер ішіне арнаулы бағдарланып қабылданған өлшемдердің айналу эллипсоиды, геодезиялық торларды есептегенде соған жатқызады.
Квазигеоид- М.С.Молоденский бойынша Жердің гравитациялық заңдылықтарын және Жер пішінін зерттеудегі геоидқа жақын қосымша жер беті.
Кипреге.пь- мензуламен бірге топографиялық түсірістерді жүргізуге арналған аспап.
Қосын(пункт)- жерге қағылған, орнатқан немесе үстіне белгі орнатылған, жан-жағы су ағар арықтармен көмкерілген геодезиялық тор нүктелері.
Салыстырмалы қате- қандайда бір шаманың қатесінің сол шамаға қатынасы.
Орташа шаршылық қате- іздеп отырған өлшенген және есептелінген шаманың дәлділігінің математикалык негізі.
Тригонометриялық нивелирлеу- бір нуктеде тұрып, екінші нүктеге бағытталған дүрбі көздеу осінің көлбеулігін өлшеп және белгілі немесе өлшенген ара кашықтықтары арқылы биіктік айырмасын анықтау.
Топография- жер бедерін, ондағы қосындардың геомеотриялық орнын картаға немесе планға түбегейлі түсіретін, зерттейтін ғылым.
Топографиялық карта- жалпы географиялық 1: 10 000 - 1: 100 000 масштабтардағы жан-жақты мақсаттарға арналған карта.
Топографиялық план- жер бетінің дөңестігін есепке алмай ірі масштабта салынған жер бетінің сәулесі.
Топографиялық план мен картаның масштабы- карта(план) бетіндегі сызықтық, сол сызыққа сәйкес жер бетіндегі ұзындығының қатынасы. I
Тахеометриялық түсіріс- тахеометр аспабының көмегімен аткарылатын топографиялық түсіріс.
Теодолиттік түсіріс- бұрыштьн өлшемдер теодолитпен, ұзындық өлшемдер таспалармен немесе оптикалық кашықтық өлшегіштермен аткарылатын жер бетінің ықшам бөліктерін түсіретін геодезиялық жұмыс.
Тахеометр- тахеометриялық түсіріс кезінде жер бетінде жазық бұрышты, ара қашықтықты және биіктік өсімшесін өлшеу үшін арналған топографиялық аспап.
Теодолит- жазық жэне тік бұрыштарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап.
Триангуляция- геодезиялық қосындардың жазықтықтағы салыстырмалы орнын жер бетінде бір-бірімен жалғасқан үш бұрыштар жүйесі, мұнда барлық бұрыштары, ал тор ішінде аз дегенде бір қабырғасының ұзындығы өлшенеді.
Трилатерация- геодезиялық қосындардың жазықтықтағы салыстырмалы орындарының жер бетінде бір-бірімен жалғасқан үш бұрыштар жүйесі мұнда тек қана барлық ара қашықтықтар өлшенеді.
Түсіру торы- топографиялық түсірістер қамтамасыз ету үшін, Мемлекеттік торларды жиілететін қосымша нүктелердің жиынтығы.
Шакырымдық тор- топографиялық карталардағы координаттық торлар, мұндағы әр сызықтар шақырымдық сандарға дәл келеді.
Шартты белгілер- карталарда, пландарда әр түрлі жер бедерін, онда орналасқан нысандардың орнын, ондағы құбылыстардың, сонымен бірге олардың сандық және сапалық мінездемелерін көрсететін графикалық белгілер.
Ылдидың көлбеулігі (крутизна ската)- ой жермен сол нүктедегі жазықтық арасындағы бұрыш.
Мензула- кипрегельмен бірге топографиялық түсірістерді жүргізуге арналған аспап.
Магнит тілінің ауытқуы- топографиялық картаның координаттық торының тік сызығымен(абсцисс сызығы) магниттік меридианның бағытымен арасындағы пайда болған бұрыш.
Нольдік орын- бұрыш өлшегіш аспаптың есеп алу кұрылғысынан көздеу дүрбісі "оң жақта"(ДО) немесе "сол жақта"(ДС) жағдайларында алынған есеп мөлшері, яғни бұл кезде көздеу осі жазық жағдайда және тік дөңгелектің алидадасы тік бұрыштарды өлшеу кезіндегідей жағдайға келтірілген болуы керек.
Нивелир- көздеу осінің жазық бағыты және нүктелер үстіне ТІК койылған рейкалар арқылы екі нүктенің биіктіктерінің айырмасын анықтауға арналған аспап.
Нивелирлеу- берілген бір нүктеден немесе деңгей беттен екінші нүктенің салыстырмалы биіктігін анықтау.
Нивелирлік белгі - геодезиялық нивелирлік қосындарды жерге, тиянақты кұрылыстар үстіне .т.б.с.с. бекітіп орнатқан кұрылғы.