Музыканы оқытудың  теориясы мен әдістемесі – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында музыкалық тәрбие теориясын оқыту мәселелерін,  мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығы бойынша музыка жетекшілерінің  құзыреттіліктерін қалыптастыру, алған білімдерін практикада қолдану, балалардың жас ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескере отырып, музыка ұйымдасқан оқу қызметінің әдістемелерін меңгеруге көмектесу. Өз тәжірбиелерін жинақтау үшін шығармашылық ізденуіне жағдай жасау.

         Философия, музыкатану, психология ғылымдарының өзара байланысы студенттердің  көркемдік талғамын  қалыптастырып, философиялық жалпы қорытындылауға жүйелі түрде қарастыруға, анализ бен синтезді байланыстыруға, зерттеу мәселелерді біртұтас түрде көруге, музыкалық білім берудің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Болашақ мектепке дейінгі музыка жетекшісі  жас ұрпақ бойына ең алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың дағдылары мен машықтарының дұрыс бағытта қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және отаншылдық қасиеттерге баулитын тұлға. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастырудың негізгі компонентінің бірі эстетикалық тәрбие. Музыкалық тәрбие  эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылады. Мектептке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне қойылатын талаптар, музыкалық қабілеттері, көркемдік-шығармашылық, музыка өнері және ерекшеліктері, музыкалық бейне, музыка тілі, музыкалық сөйлеу ұғымдарына сипаттамалары айтылады.   Курстың мақсаты

Студенттерге мектепке дейінгі балалардың музыкалық іс-әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерін кәсіби-педагогикалық дайындауға бағытталған пәндердің бірі музыка тәрбиесі теориясы мен әдістемесін, эстетикалық-педагогикалық шеберлік негіздерін қалыптастыру.

Курстың міндеттері

-        студенттердің пән мазмұны, оның бөлімдері, бағыттары туралы түсініктер алуларына мүмкіндік туғызу;

-        мектепке дейінгі балалармен музыкалық жұмыстың әдістемесін меңгерту;

-        музыкалық қызметке қажетті кәсіби педагогикалық  сапасын қалыптастыру;

-        балалар бақшасында музыкалық тәрбие теориясын оқыту мәселелері бойынша өз бетімен білім алуға қажеттілікті қалыптастыру;

-        балалар бақшасында музыкалық тәрбие теориясын оқыту мәселелері бойынша музыкалық білім берудің педагогикалық мәселелерін дұрыс ұғынуына мүмкіндік беру;

Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу.

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуге тиіс

Білу керек:

Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық кабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

Меңгеру керек:

Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту, меңгеру қажет.

Игеру керек:

Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне игеру.

Қолдана білу керек:

-  Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен топпен қимыл -қозғалыстарда образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады. Материалдарды  жалпы қортындылауда зерттеулік әдістерді құру, алған білімдерін практикада қолдану

Түсіну керек: 

- өз ойын ашық айта білу;

- өзін-өзі бағалай біледі;

- өз ісіне жауапкершілікпен қарайды;

- ортақ шешімге келеді;

- еңбекке араласады;

- бірін-бірі сыйлайды, санасады;

-  таңдап алған мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезінеді.

Қалыптастыруы  тиіс:

- музыкалық жұмыстардың әдіснамасында өзінің тәжірбиелерін жинауда творчестволық ізденуіне жағдай жасау;

- болашақ музыка мұғалімінің жеке тұлғалық кәсіби-педагогикалық қасиеттерін тауып алуына көмектесу.

Семинар сабақтарында келесі іскерліктер қалыптасады:

музыкалық білім берудің педагогикамен байланысты философиялық, жалпы ғылыми және жеке ғылыми сипаттағы әдебиетіне кәсіби талдау жасау;

музыкалық білім берудің мазмұнына және процесіне, өздік қызметіне, балаларға музыкалық тәрбиенің  озық үлгілерін игерту.