Адам биологиялық тiршiлiк иесi ретiнде дүниеге келедi.
Оның тұлға болып жетiлуi үшiн – тәрбиелеу қажет. Дәл осы
тәрбие адамды iзгiлендiрiп, оған қажет қасиет сапалар-
ды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тәрбие жұмыстарын
жүргізу үшiн арнайы мекемелер түзiлген. Бұл үдерiстi кәсiби
білімді адамдар басқарады. Тәрбие жөнiнде арнайы ғылым
қалыптасқан. Мiне, сол ғылымды үйренудi ендi бастаймыз.
Адамды тәрбиелеу жөнiндегi ғылым педагогика деп атала-
ды. Ол өз атамасын грек сөздерi “пайдес” – балалар және “аго”
– жетектеу дегеннен алған, тiкелей аудармасында “педагогика”
сөзі бала тәрбиесiн бағыттау өнерi дегендi аңдатады, ал “педа-
гог” сөзі бала жетелеушi мәнiн бiлдiредi.
Барша дәуiрлерде педагогтар балалардың табиғаттан
берiлген мүмкіндiктерiн iске асырып, жаңа сапаларды
қалыптастырудың тиiмдi жолдарын тауып, оларға көмектесумен
келедi. Мың жылдар бойы қажеттi бiлiмдер тырнақтап жиналып
педагогикалық жүйе дүниеге келдi, тексерiлдi, қажет болмаған
тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өмiршең, ең пай-
далы педагогикалық идеялар сақталып, бүгiнгi күнiмiзге жеттi.
Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешiрген бүгiнгi заман пе-
дагогикасы адам тәрбиесi заңдылықтары жөнiндегi ғылымға
айналды.
- Teacher: Бахытгуль Шонова