Академиялық жазу дағдыларын меңгеру үшін ғылыми әдебиетті үнемі
оқып, мәтіндерді талқылап, Word мәтіндік редакторында жұмыстың негізгі
принциптерін білу қажет. Басында біз эссе мен курстық жұмысты, бітіру
біліктілік (дипломдық) жұмысын немесе магистрлік диссертацияны,
ғылыми жарияланымды, ғылыми жауапты дайындау кезінде қажетті
академиялық тақырыптарды оқудың, жазудың және ауызша таныстырудың
негізгі ережелерін қарастырамыз. Содан кейін мәтінді жасау процесін,
көздермен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін және академиялық мәтінді
дайындау және таныстыру кезінде туындайтын кейбір кең таралған
қателерді талқылаймыз, жазу жұмысын ресімдеу ережелерін және ауызша
сөйлеу тәсілдерін қарастырамыз. Осыдан кейін әдеби шолу жасаудың
немесе дереккөздерді шолудың кейбір әдістеріне, зерттеу бағдарламасына,
жазбаша мәтін мен презентацияны ресімдеудің кейбір тәсілдеріне шолу
жасаймыз
- Teacher: Жамиля Зулкарнаева