Академиялық жазу» пәні жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің жазылым әркетін дамытып, оқу барысында жазба жұмыстарын талапқа сай жазуға үйрететін пән. Пәнді оқу барысында студенттер академиялық жазылымның басты қағидаларымен танысып, практикалық тұрғыдан жазылым әрекетін шыңдай түседі. халықаралық ғылыми журналдарда жариялау үшін ғылыми мақалалар жазу қабілетін жетілдіру. Академиялық жазу курсы практикалық мысалдар мен жаттығуларды қолдана отырып, тиімді академиялық жазуды үйретеді. Академиялық жазу қабілеті университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен студенттеріне шетелдік ғылыми басылымдарда жариялау, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу, академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында магистратурада немесе докторантурада оқуға қажет.
- Мұғалім: Альфия Бакытжанова