Мұғалімнің кәсіптік – педагогикалық этика мәселелерін ғылыми зерттеген ғалымдар В.И.Писаренко, Я.С.Кочигер Т.В. Мишаткино, Кочетов А.М, Чампер В.М, Лаптенок С.Д Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының этикалық мәдениетінің сапалық жақтары К.Д.Ушинскидің, И.Е.Синицаның, Э.Шыныбекованың,   А.Жакыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л. И. Рувинскийдің, А. С. Макаренконың, Н.И.Болдыревтың, т.б. жаңашыл педагогтардың еңбектерінде этикалык тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.

«Педагог этикасы» деген терминнің өзі 60 – жылдың аяғында ғана қолданыла бастады. Келешек педагогика және педагогтың этика үшін кәсіптік этикалық мәселелер, олардың мұғалімдерінің жеке басына қоятын кәсіпті сүю, балаларды білу және түсіну, баланың жеке басын құрметтеу, принципшіл әрі талапшыл болу, көп нәрсені білу және жасай білу, озық идеяларды білімдерді насиқаттаушы болу сияқты талаптар жөнінде бұрынғы өткен прогресшіл педагогтың айтқандарының үлкен маңызы бар.

Бұл мәселе әрқашанда педагогика ғылымының өзекті
мәселелері болып табылады. Адамгершілік, әдептілік, имандылыққа тәрбиелеу iciнің жеке өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылыктары бар.

Ұстаздық шеберлікке жетуде педагогикалық әдептің, этиканың рөлі зор.

       Әдеп, этика педагогикалық қарым – қатынастың  адамгершілік негізін құрайды.  Қарым – қатынастағы  моральдық принциптер мен нормалар арқылы іске асады.