Өндірістік процестер бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, машина – трактор агрегаттарының сипаттамаларын, машина - трактор агрегаттарының құрамын есептеу әдістерін білу. Машиналардың эксплуатациялық-технологиялық қасиеттерін бағалау, агрегаттардың құрамын есептеу білігі. Орман шаруашылығында қолданылатын орман тракторлары мен автомобильдерінің түрлерін зерттеу. Топырақты өңдеуге; орман дақылдарын егуге және отырғызуға; тыңайтқыштар енгізуге арналған машиналар мен жабдықтар. Өсімдіктерді қорғауға арналған машиналар. Дақылдарды күтуге арналған машиналар.