Пәннің пререквизиттері : Студент дүниежүзі тарихының курстары бойынша жалпы білім беретін мектеп бағдарламасының негізінде дәріс алу, сараптау және қорытындылар шығарудың қарапайым дағдыларына ие болу керек. Алғашқы қауымдық қоғам тарихы, Ежелгі дүние және Қазақстан тарихы.
Пәннің постреквизиттері: Осы пәннен кейін өтілетін пәндер көлемі ұлғаяды және жаңа деңгейлік талаптар қойылады. Қазақстанның орта ғасыр тарихы, Батыс пен Шығыстың орта ғасырлар тарихы, қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы.
Еуропа және Америка елдерінің, сондай-ақ Азия және Африканың жаңа және қазіргі заман тарихы, этнология, тарихнама және деректану, халықаралық қатынастар тарихы, тарихты оқыту әдістемесі.
Курстың мақсаты: Студенттерде болашақ тарихшыларды археология пәнінің тарих ғылымында алатын орны мен міндеттеріне сәйкес білімдер қалыптастыру. Археология ғылымындағы зерттеу тәсілдері және даму тарихымен таныстыру, сонымен қатар осы жалпы курстың мақсатына дүние жүзіндегі аса ғылыми тұрғыдан ерекше құнды ескерткіштердің ашылу, зерттелу тарихы кіреді.
Курстың міндеті:
Студенттерге археологияның тарих ғылымында алатын орны, археологиялық ескерткіштерді танып білумен қатар, оларды зерттеу тәсілдерімен де таныстырады. Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлерінің эволюциясын, анағұрлым маңызды тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын археологиялық ғылымда тұтастай және объективті түрде қарастыруға негізделген, Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау қазақ халқының этногенезі мәселесін, Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік пен өркениеттер түрлерінің эволюциясын, анағұрлым маңызды тарихи фактілер мен оқиғалардың жиынтығын, тарихтың сабақтары мен заңдарын тұтастай және объективті түрде қарастыруға негізделген, Отан тарихының ғылыми-негізді тұжырымдамасын жасау.
- Мұғалім: Рашид Идрисов