Педагогика пәнінен жүргізілетін практикалық сабақтардың негізгі міндеттері:
1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.
2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Студенттерге негізгі педагогикалық іскерліктерді қалыптастыру.
4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.
5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.
Практикалық сабақтарда барысында студенттерде әлеуметтік-педагогикалық құбылыстарға деген өзіндік көзқарастары қалыптасады, оқыту мен тәрбиелеудің нақты теориялық міндеттерін шешудің жолдары мен құралдарын табуды үйренеді.
Практикалық сабақтарда теориялық сұрақтарды талқылау ұйымдастырылады, студенттердің дайындаған рефераттары, баяндамалары мен хабарламалары тыңдалып, талқыланады, сонымен бірге студенттердің зерттеу жұмыстарының орындалу нәтижелері тыңдалады. Әртүрлі педагогикалық әдебиеттердегі негізгі, жалпы теориялық білімдер нақтыланады. Кейбір практикалық тапсырмалар педагогикалық практика өтілетін мектепте орындалады. Онда студенттер белгілі бір педагогикалық процесті бақылап, оған талдау жасайды. Мектеп тәжірибесін жан-жақты және мақсатты түрде зерттеп үйрену ұйымдастырылады. Практикалық сабақтарда әртүрлі педагогикалық жағдайларды шешу ұсынылады, іскерлік ойындары ұйымдастырылады, педагогикалық міндеттер шешіледі, оқу-тәрбиелік шараларды ұйымдастырудың әртүрлі варианттары талқыланады. Студенттер оқыту мен тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдануды, оқу-тәрбие жұмысын жоспарлауды үйренеді, өздігінен іздену жұмыстарына машықтанады.
Практикалық сабақтарға дайындалу барысында әр студент:
- ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;
- реферат, баяндама дайындауға;
- практикалық тапсырманы орындауға;
- тәжірибелік жұмысты (мектепте қатысқан сабақтың, тәрбие жұмысының барысын жазу және оған талдау жасау) орындауға міндетті.
- Мұғалім: Мурат Асаров