Әліппе мен ана тілін оқыту әдістемесі» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- Білім және түсінік: сауат ашуға байланысты практикалық іскерлік пен дағды қалыптастыруға негіз болатын теориялық және практикалық мағлұматтар беру, сауат ашу кезеңдеріне, әр кезеңнің мақсат-міндеттері мен ерекшеліктерін игеру;
- Білімді және түсінігін қолдана білу: сауат ашудың (оқу-жазуға үйретудің) әдіс-тәсідерін меңгерту; бастауыш сыныптарда «Әліппе мен ана тілін оқыту әдістемесі» оқытуды жоспарлауды және күнтізбелік жоспар жасаауды және сауат ашу сабақтарын өткізу, сабақта қосымша сабақ түрлерін (дидактикалық материалдар, ойындар, ресустар, т.б) ұйымдастыру; әдістемелік папка жасау;
- Пайымдауды қалыптастыру; сауат ашуды меңгерту заңдылықтарын; сауат ашудың мазмұны мен жүйесін, оқушыларды оқу-жазуға үйрету әдіс-тәсілдерін; «Сауат ашу» оқулығы мен оқу кешенінің мазмұнын білуі; пікір айту және реферат жазу.
- жеке қабілеттерін, шығармашылығын, танымдық белсенділігін қалыптастыру;
Әдістері: топтық жұмыс, Жобалық жұмыс (PBL), семинар-диалог, іскерлік ойын, ми шабуылы, проблемалық дәріс.
- Мұғалім: Карашаш Жанадилова