Пәннің пререквизиттері – Мектептік білім базасынан 5 сыныптағы Ежелгі дүние тарихынан алғашқы қоғамдық қауым жайлы түсініктері, Археология, Этнография.
Пәннің постреквизиттері - Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Жаңа заман тарихы, Қазіргі заман тарихы.
Курстың мақсаты: Пәннің мақсаты қосалқы тарихи пәндер жайлы білім беру, бұл пәндер жайлы ұғымдарды ашып, олардың шығу тарихын, қалыптасуын, дамуын көрсету. Қосалқы тарихи пән салалары білімін, мәселелері мен жетістіктерін пайдалана білуге, әдістеріне үйрету.
Курстың міндеті:
- тарихи қосалқы пәндердiң теориялық мәселелерімен таныстыру;
- қосалқы тарихи салаларының атаулары мен түсініктерін талдау;
- әлемдегі тарихи оқиғалардың нақты уақытын, орнын әр түрлі қырынан қарастыру әдістерін игеру;
- қосалқы тарихи пәнді оқыту арқылы отандық тарих ғылымының дамуына, оның - тарихи оқиғаларының шынтуайттылық негiзде жазылғанын саралау.
- қосалқы тарихи пәндердің салаларының өз-ара байланысы мен ерекшелігін, байланысын ашуға, алған білімдерін кәсіби қызмет саласында қолдана білуге үйретеді.
- Мұғалім: Сауле Ахметжановна Абдрахманова