Азаматтық құқық ежелгі уақыттан бері белгілі, оны Римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы – цивильді (jus civile) құқық деп атаған. Бұл цивильді құқық көне Римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеген. Қазіргі азаматтық құқықта римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді және азаматтық құықты цивилисттік құқық деп атайды, ал осы саладағы заңгерлерді цивилисттер деп атайды. Азаматтық құқық ҚР-ның құқық салаларының бірі болғандықтан қүнделікті тіршілікпен, азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, әкімшілік-аумақтық бөліністермен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын оның пәнін анықтауымыз керек. ҚР азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.(ҚР АК 1б.) Бұл қатынастардың субъектілері болып азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер саналады. Мүліктік қатынастарға материалды игіліктер(мүлік, жұмыс, қызмет, ақша, бағалы қағаздар т.б.) жатады.
- Teacher: Берик Нукиев