Пәндердің пререквизиттері Экономикалық және әлеуметтік географияға кіріспе, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы, ТМД экономикалық және әлеуметтік географиясы.

    Пәннің постреквизиттері: дипломдық жұмыс жазу..

         Құзыреттілік: Пәнді оқу барысында студенттер өз білімдерін жетілдіре отырып тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Пәнді толық меңгерген студент дүниежүзі халықтарының өсу қарқыны, орналасуы көшіп-қону бағыты туралы және  әлемде болып жатқан интеграциялық процесстер туралы өз ойын еркін айта алады. Ол үшін олар дүние жүзі бойынша табиғат ресурстарының таралуын, халықтың ұдайы өсуін, құрамын, шаруашылықтың орналасуын даму барысын білулері тиіс. 

5. Пәнді сипаттау:

Курстың мақсаты: Бұл ғылыми пән – дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси география негіздерін, ондағы оқиғалар мен үрдістерді, дүниежүзінде болып жатқан осы мәселелердегі арақатынасты Қазақстанның экономикалық және геосаяси жағдайымен бағамдау тұрғысында түсіндіреді.

Курстың міндеттері: Ұсынылып отырған пәннің басты міндет – мақсаты саяси, экономикалық және географияның негізгі идеялары мен концепцияларын білдіру, аталмыш салаларды географиялық зерттеулердің әдістері мен жолдарын оқыту. Қазақстанның көршілес елдерімен мемлекетаралық қарым-қатынас мәселелерін қарастырады. Дүние жүзі мен аймақтарға, елдер мен аумақтарға экономикалық географиялық сипаттама беру арқылы оның негіздерін оқытып үйретеді.