Пәннің пререквизиттер: Жалпы жертану, Метеорология және климатология, Геология палеогеография негіздерімен, Картография топография негіздерімен.

  Пәннің постреквизиттер: Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы.

  Пәннің қысқаша сипаттамасы

4.Курстың мақсаты: Гидрология курсы гидрологиялық процестер мен құбылыстардың географиялық ортамен тығыз байланыстылығын, табиғи суларды географиялық ландшафтың бір бөлігі ретінде үзіліссіз қарым қатынаста болатындығын қарастырады.

Курстың міндеттері: Гидросферада болып жатқан процестер мен олардың қоршаған ортамен арақатынасын және олардың ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.

Гидрология курсын толық тыңдаған студент  үйренуі және білуі тиіс:

-      Гидросферада болып жатқан процестердің пайда болуы мен дамуын, олардың ерекшеліктерін;

-      Гидросфераның географиялық ортамен тығыз байланыстылығын;

-      Мұхит және құрылық гидрологияларын;

-      Әлемдік су қорының маңыздылығын;

-      Жалпы, гидрологиялық терминдерді;

-      картамен жұмыс жасай алуы  тиіс.