Пәннің пререквизиттер: Жалпы жертану, Метеорология және климатология, Геология палеогеография негіздерімен, Картография топография негіздерімен.
Пәннің постреквизиттер: Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық географиясы.
Пәннің қысқаша сипаттамасы
4.Курстың мақсаты: Гидрология курсы гидрологиялық процестер мен құбылыстардың географиялық ортамен тығыз байланыстылығын, табиғи суларды географиялық ландшафтың бір бөлігі ретінде үзіліссіз қарым қатынаста болатындығын қарастырады.
Курстың міндеттері: Гидросферада болып жатқан процестер мен олардың қоршаған ортамен арақатынасын және олардың ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.
Гидрология курсын толық тыңдаған студент үйренуі және білуі тиіс:
- Гидросферада болып жатқан процестердің пайда болуы мен дамуын, олардың ерекшеліктерін;
- Гидросфераның географиялық ортамен тығыз байланыстылығын;
- Мұхит және құрылық гидрологияларын;
- Әлемдік су қорының маңыздылығын;
- Жалпы, гидрологиялық терминдерді;
- картамен жұмыс жасай алуы тиіс.
- Учитель: Алина Еламанова