«Операциялық жүйелер» пәнінің бағдарламасы ЭЕМ, жүйелері және тораптарының жұмыс режимдерің үрдістерін басқару әдістері мен жабдықтарын, ақпаратты енгізу-шығаруды, файлдық жүйелерді, басқару режимдерін оқып- үйренуді көздейді; файлдарды ұйымдастыру және корғау тәсілдерін, жадыны үлестіру және қорғау әдістерін, сонымен қатар көппроцессорлы жүйелер мен тораптарды басқару жабдықтарын оқып-үйренуді көздейді.
Пән «Ақпараттану», «Алгоритмдік тілдерде программалау», «Программалау технологиясы», «Компьютерлік жүйелер интерфейстері» пәндерін оқу барысында алынған білімге негізделеді. Осы пәнді оқу барысында алынған білім мен машықтар алдағы уақытта мынадай пәндерді оқу барысында қолданылмақ: «Есептеу жүйелері және тораптарын ұйымдастыру», «Компьютерлік тораптар», «Интернет технологиясы».
Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер ЭЕМ, жүйелері және тораптарын басқару принциптерін; операциялық жүйелердің құрамдас бөліктерінің қызметтерін; ЭЕМ ресурстарын басқаратын программалар кұру принциптерін білу керек.
Студенттер файлдық жүйелерді ұйымдастыру барлық деңгейлердегі деректермен жұмыс істеуге машықтанып, программалық сұлбалардың командалық тілдері негізінде ЭЕМ-мен сұқбат ұйымдастырып, ЭЕМ, жүйелері және тораптарының жұмысын басқару үшін программа құра алулары керек.
- Teacher: Айбек Омиртай