Пәннің пререквизиттері – «Қазақстан тарихы», «Мәңгілік ел», «Оқушылардың даму психологиясы», «Психология», «Педагогикалық мамандыққа кіріспе».
Пәннің постреквизиттері – «Білім беру менеджменті және цифрландыру», «Тәрбие жұмысынң теориясы мен әдістемесі», «Арнайы пәндерді оқыту әдістемесі», таңдау бағыты бойынша әртүрлі элективті педагогикалық курстар, өндірістік педагогикалық практика.
Пәннің мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби–педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру
Қысқаша сипаттамасы: Болашақ бакалаврлардың қазіргі педагогика негіздерін меңгеруі, орта жалпы білім беретін мектеп оқушыларын тиімді оқыту мен тәрбиелеу және өзінің кәсіби қалыптасуы үшін қажетті дағдылар мен машықтарды меңгеру үшін алғышарттар жасау. Заңдылықтар жүйесі баяндалады, педагогикалық процестің қозғаушы күші, оқыту мен тәрбиелеу принциптерінің өзара байланысы, тұтас педагогикалық үдерісте оқыту мен тәрбиелеу процестерінің бірлігі ашылады.
- Учитель: Гульшат Кусаинова