Педагогикалық мамандыққа кіріспе  - педагогикалық мамандық студенттерінің оқитын алғашқы кәсіби-педагогикалық міндетті пән.

Жаңа адамды қалыптастырудың көпқырлылығы мен күрделілігі қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін педагогикалық біліктілік қажет. Педагогикалық біліктілік бір жағынан педагогтың педагогикалық мәдениетінің маңызды компоненті болса, екінші жағынан кәсіптік даму мен жетілдірудің алғы шарты болып табылады. Педагог білім мен дағдының, қабілеттің тұтас комплексіне (жиынтығына) ие болған жағдайда ғана маман бола алады. Педагогикалық процесс тұтастығымен және жүйелілігімен сипатталып, барлық педагогикалық құралдар өзара байланыста болса ғана тәрбие мен оқыту шындыққа айналады. Тәрбие, оқыту мен даму біртұтас болып біріккенде ғана шығармашылық, гармониялық жағынан дамыған тұлға қалыптасады.

Қазіргі педагогикалық білім беру концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, терең ғылыми кәсіптік- педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы шарт жасауды ұсынады.

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» міндетті пәннің мазмұны педагог мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі орталық модульдердің бірі ретінде оқытудың объектісі болып табылады.

Пәнді оқытудың негізгі міндеттері:


  • Студенттерді мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешелігі туралы бастапқы білімдермен қаруландыру;

  • Мұғалім бейнесінің негізгі сипаттары жайлы көзқарастарын қалыптастыру;

  • Үздіксіз білім алуға, терең теориялық білім мен кәсіби педагогикаклық құзіреттерді меңгеруге деген ұстанымдарын қалыптастыру;

  • Өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, педагогикалық шығармашылыққа денег қызығушылығын ояту.