Пәннің мақсаты – орта білім беру жүйесінде педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби–педагогикалық құзыреттілігін қалыптастыру
Қысқаша сипаттамасы: Болашақ бакалаврлардың қазіргі педагогика негіздерін меңгеруі, орта жалпы білім беретін мектеп оқушыларын тиімді оқыту мен тәрбиелеу және өзінің кәсіби қалыптасуы үшін қажетті дағдылар мен машықтарды меңгеру үшін алғышарттар жасау. Заңдылықтар жүйесі баяндалады, педагогикалық процестің қозғаушы күші, оқыту мен тәрбиелеу принциптерінің өзара байланысы, тұтас педагогикалық үдерісте оқыту мен тәрбиелеу процестерінің бірлігі ашылады.
Оқыту нәтижелері:
ОН7 Оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыруда психологиялық-педагогикалық, пәндік-әдістемелік білімі, іскерлігі, дағдыларының жүйесін тәжірибеде көрсету
ОН9 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу процесін олардың жасына, сенсорлық және интеллектуалдық ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастыру және инклюзивті білім беру жағдайында әртүрлі жас кезеңдеріндегі тәрбие жұмысының негізгі формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану.
ОН10 Оқу үдерісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруге бағытталған инновациялық педагогикалық технологияларды, инклюзивті тәжірибе технологияларын, дамытатын, сараланған және интеграцияланған білім беру технологияларын, соның ішінде АКТ-ны қолдану.
- Teacher: Зауре Сулейменова