Бұл курс өнеркәсіптік ғимараттар мен өндірістік нысандардағы желдету жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету негіздерін оқытуға арналған. Тыңдаушылар өндірістік үй-жайларда ауа алмасуды ұйымдастыру, зиянды заттарды жою, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайлы микроклимат қалыптастыру әдістерін меңгереді.
Курс барысында желдету жүйелерінің түрлері, олардың жұмыс принциптері, ауа арналарының есебі, желдеткіш жабдықтарды таңдау, энергия тиімділігі және қолданыстағы нормативтік талаптар қарастырылады. Сонымен қатар, практикалық мысалдар арқылы өндірістік объектілерге арналған желдету жүйелерін жобалау дағдылары қалыптастырылады.
Курс мақсаты: өндірістік желдету жүйелерін жобалау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету саласында кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
- Мұғалім: Айгуль Туленова