Орманшылық пәні – орманды тиімді пайдалану, қорғау, қалпына келтіру және көбейту жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Бұл пәнде орман экожүйелерінің құрылымы мен қызметі, ағаш түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, орман өсіру әдістері, орманды күтіп-баптау, зиянкестер мен аурулардан қорғау, сондай-ақ орман ресурстарын ұтымды басқару мәселелері қарастырылады. Орманшылық пәнінің негізгі мақсаты – орман қорын сақтап, оның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік маңызын арттыру.
- Мұғалім: Гульжиян Бекимова