Бұл пән өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы техникалық реттеудің теориялық және практикалық негіздерін қарастырады. Студенттер техникалық регламенттер, стандарттар, сертификаттау, аккредитация, өндірістік бақылау, сараптама және аварияларды тергеу механизмдерін меңгереді.

Пәннің негізгі мақсаттары:

  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін түсіну;

  • Қауіпті өндірістік нысандарды жобалау, эксплуатациялау және бақылау талаптарын меңгеру;

  • Өндірістік тәуекелдерді анықтау, алдын алу және басқару дағдыларын қалыптастыру;

  • Техникалық реттеу және халықаралық стандарттарға сәйкес жүйелерді талдау және жетілдіру.

Пан студенттерге өнеркәсіптік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды береді, мемлекеттік және корпоративтік қауіпсіздік шараларын үйлестіруге мүмкіндік туғызады.