Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша күшейді. Тауар-ақша (мүліктік) және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердіңсмаңызы одан әрі нығая түспек. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшіліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұның қайта бағалау оңай шаруа емес. Осыған байланысты жас егемен республиканың мемлкеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайтудың мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Осылай болғандықтан, оқу құралында Егемен Қазақстанның конституциялық, әкімшілік, азаматтық, енбек және қылмыстық құқық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтестігі проблемалары жаңаша қарастырлады.
- Учитель: Азамат Омаров