Бұл пән жеке қаржыны басқарудың негізгі принциптерін игеруге бағытталған. Курс шеңберінде білім алушылар қаржы саласындағы барлық құралдарды іс жүзінде қолдануға, жинақтарды сақтауға және көбейтуге, бюджетті сауатты жоспарлауға, жеке салықтарды есептеуге және салық есептілігін толтыруға, қаржылық ақпаратты талдауға және қаржы өнімдеріне бағдарлануға үйренеді. «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы білім алушының танымдық ғана емес, практикалық қызметін де белсендіретін тәжірибеге бағытталған оқытуды, іскерлік ойындарды өткізуді көздейді.
- Teacher: Талгат Демесинов