Пән Қазақстан Республикасының Орман кодексінің негізгі ережелерін, орман қоры жерлерін пайдалану мен қорғаудың құқықтық негіздерін, орманды қорғау шараларын ұйымдастырудағы заңнамалық талаптарды қамтиды. Студенттер нормативтік актілерді (ҚР Экологиялық кодексі, Жер кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс және т.б.) талдап, орман ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану саласында қолдана білуге үйренеді.